Ресейде WhatsApp мессенджері бұғатталуы мүмкін
WhatsApp мессенджерінде тыйым салынған ақпарат тарататын арналар пайда болса, Ресей билігі мессенджерді ел аумағында бұғаттауы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекеттік Думаның ақпарат саясаты бойынша комитет басшысы Александр Хинштейннің сөзінше, WhatsApp-та орыс тіліндегі ақпараттық арналар пайда болса, онда мессенджердің қызметін қайта қарау қажет.
"Ресей заңдарын бұзуға қатысты шара қабылдау осы секілді компаниялардың басшылығы мен олар қабылдайтын шешімдерге тікелей байланысты. Тыйым салынған ақпараттары бар арналар пайда болған жағдайды оларды өшіру талап етіледі, егер бас тартса бұғатталады", – делінген жазбада.
Роскомнадзор өкілдері Ресей заңындағы талаптардың ел аумағында жұмыс істейтін барлық компаниялар мен әлеуметтік желілерге қатысты екенін қосып өтті.
"Ресейлік ұйымдар мен тұтынушыларға елдің заңын сақтайтын отандық сервистерге көшуді ұсынамын", – деп қосты ведомство өкілдері.
Талқылау
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді
1990 жылы 25 қазанда еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата-аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаңдаушылық білдірді
Маман: “Ата-аналар баласының желіден не көріп жүргенін бақыламайды”