Ресейде коронавирус жұқтырған алғашқы екі адам анықталды
Ресейде ең алғаш коронавирус жұқтырған екі азамат анықталды. Олардың бірі Забайкал өлкесінде тұратын азамат болса, екіншісі Түмен облысында анықталған. Бұл жайында Ресей вице-премьер Татьяна Голикова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC news басылымна сілтеп.

Вирусты жұқтырғандар - Қытай азаматтары. Екі пациенттің жағдайы тұрақты. Сондай-ақ, Голикова Ухань мен Хубэйден ресейліктерді эвакуациялау басталғанын хабарлады.
Кейіннен Роспотребнадзордың басшысы Анна Попова науқастардың қалай анықталғанын айтты.
"Мониторинг Қытай Халық Республикасының екі азаматына вирус жұққанын анықтауға мүмкіндік берді. Олардың біреуі ҚХР аумағында 28 желтоқсаннан 26 қаңтарға дейін болып Ресейге қайта оралған. Ал екінші азамат дәл осындай кезеңде шамамен 28 қаңтарда келген", - деді Анна Попова.
Белгілі болғандай Қытай жерінде тараған коронавирус әлемнің өзгеде 20 елінде анықталған еді. Өз кезегінде Ресей сақтық шараларын күшейтіп, өз азаматтарын Қытай жерінен эвакуациялап, әуе рейсін тоқтатып жатыр.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған