Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Іздеуде болған ресейлік қылмыскер Көкшетаудағы қаңғыбастардың арасынан ұсталды

Ресейлың қылмыскер Қазақстанда жасырынып жүрген. Ол Ресейде ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктеліп, іздеуде болған, деп хабарлайды  Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі.

14-15 наурызда Ақмола облысы аумағында «БОМЖ» жедел-алдын аллу шарасы жүргізілді. Көкшетауда полицейлер қаңғыбастар шоғырланатын 248 нысанды тексерді.

Тексерістен кейін Көшетау ІІБ-не 89 қаңғыбасты жеткізген. Олардың ішінде 35 жастағы қылмыскер де болған. Полицейлер оны темір жол вокзалының маңында құжаттарын тексерген кезде ұстапты.

Анықталғандай, РФ азаматы 2 жыл бойы тәртіп сақшыларынан жасырынып жүрген. Ер адам РФ Башқұртстан Республикасында алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, артынша Ресейге экстрадицияланды.

Оқи отырыңыз:

3 жыл бұрын жоғалып кеткен Қарағанды тұрғыны Алматыдан табылды

Министрлік өлген малдың еті сатылып жатқаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Атышулы Байзақованы туған күнімен кұттықтамақ болған достары оны жылатып алды (видео)

ОҚО депутаты: 7 жасар баланың дауы – екі туыстың арасындағы мәселе

Талқылау