Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО депутаты: 7 жасар баланың дауы – екі әулет арасындағы мәселе

Оңтүстік Қазақстан облысының депутаты Абай ауылындағы «зорланған баланың» дауына қатысты пікір білдірді. Халық қалаулысының сөзінше, аталған дау мектеп директоры мен оқу ісінің меңгерушісі арасындағы келіспеушіліктен кейін пайда болған.

Бұл туралы «Otyrar.kz» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Мен сол жерде болдым. Ауыл тұрғындарымен кездестім. Олар балалардың мұндай іске барғанына сенбейді. Аталған дау мектеп директоры мен оқу ісінің меңгерушісі арасындағы келіспеушіліктен кейін туындаған. Мұның барлығы осындай жағымсыз жағдайға алып келді. Мен зорлады деп айыпталып отырған екі оқуышының ата-анасымен кездестім. Олар бұл фактіні жоққа шығарып, балалардың ол уақытта кездеспегенін алға тартуда. Баланы үнемі әпкесі алып кетіп отырған. Және мен жергілікті АІІБ-де болдым. Ол жерде 7 жасар оқушының туыстарының барлық шағымы тіркелген. Сонымен қатар урологтың қорытындысы зорлық фактісін растамаған. Ендігі сараптама нәтижесін күтетін боламыз», – дейді Ағабеков.

Мемлекеттік заңнамалық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия және облыстық мәслихаттың жергілікті басқармасының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов та аталған мәселеге қатысты өз пікірін білдірді.

«Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы жағдай соңғы уақытта қызу талқыға түсті. Шу көп… Менің ойымша, бұл екі туыстың арасындағы мәселе. Олар өз мүдделерін саяси мәселеге айналдырып, осылайша шешуде, күресуде. Баланың тағдырын ойлаған біреуін көрмедім. Оны Зағипа Балиева алып кетті. Ол – балалар омбудсмені. Біз депутат Жаңабай Ағабековпен сөйлестік. Ол бұл туыстардың арасында туындаған мәселе екенін айтып отыр. Мен, тұрақты комиссия төрағасы ретінде, жағдайда бақылауда ұстап отырғанымызда айтамын. Сондықтан тексеріс нәтижесін күтеміз», – дейді облыстық мәслихат депутаты Өмірзақ Мелдеханов.

Сондай-ақ,  депутат мәселенің ақ-қарасы анық болғанда, көпшілікке мәлімдейтінін айтып сендірді.

Оқи отырыңыз:

7 жасар баланың дауы: Анасы ұлының зорланғаны жөнінде телеарналардың біріне берген сұхбатынан білген

7 жасар баланың дауы: Анасы мен ұлының қайда екені белгілі болды

7 жасар баланың отбасына қоқан лоқы көрсеткен

Астанада 7 жасар баланы анасы алып кетті

Талқылау