Ресейде әскери тікұшақ құлап, төрт адам қаза болды (видео)
Ресейде әскери тікұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Чукоткада бүгін, 26 мамырда орын алды. Ми-8 тікұшағының құлаған сәті видеоға түсіп қалған. Бейнежазбада әскери борттың әуеге көтеріліп барып, артынша айналып, жерге құлағаны байқалады.
Тікұшақта болған 4 адамдық экипаж мүшелері аман қалмаған.
Алдын ала болжам бойынша, апаттың себебі - тікұшақта техникалық ақаулардың болуы.
Қазіргі таңда аталмыш оқиға бойынша тексеріліс басталып, қылмыстық іс қозғалған.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды