Ресейдегі әскери полигонда терактіден 11 адам көз жұмды
Ресей Федерациясы Белгород облысында теракт орын алып, 11 адам көз жұмды. Тағы 15 адам жарақат алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости бсылымына сілтеме жасап.

Оқиға Батыс әскери округы полигонында болған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, террористер – ТМД елдерінің бірінің азаматтары. Қылмыскерлер оқиға орнында көз жұмды.
Сонымен қатар теракт Украинадағы соғысқа қатысу үшін келген еріктілердің дайындығы кезінде орын алғаны да хабарланды.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды