Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде 80-нен аса шетелдік БАҚ-тың веб-сайттары мен еуропалық басылымдар бұғатталды

Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі 25 маусымнан бастап елде "арнайы әскери операцияның барысы туралы жалған ақпараттарды жүйелі түрде тарататын" 81 еуропалық басылымның веб-сайттарына кіру мүмкіндігін жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Сurrenttime.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Белгілі болғандай, елдің сыртқы істер министрлігі бұл шешімді 24 маусымда Еуроодақ аумағындағы төрт ресейлік ақпарат көзін бұғаттағаннан кейін осындай шешім шыққан. Ресейліктер мұны Еуропалық одақ кеңесінің әрекетіне "жауап қадамы" деп мәлімдеді. Осылайша, "РИА Новости агенттігі", "Известия", "Российская" газеттері" және Voice of Europe сайттарына шектеу қойылған.

Бұдан кейін Ресейде Еуропалық одаққа мүше 25 елдің, соның ішінде Германия, Франция, Испания, Италия, Чехия, Швеция, Польша және Финляндия, Мальта, Ирландия сияқты елдердің басылымдарының веб-сайттары, сондай-ақ жалпыеуропалық ақпараттық порталдар бұғатталған.

Ресей Федерациясында тыйым салынған еуропалық БАҚ арасында:

Der Spiegel, El Mundo, El País, La Stampa, La Repubblica, RAI (Италия) телекомпаниясы, Radio France, Die Zeit, Frankfurter Allgemeine Zeitung (faz.net), Televisión Española мемлекеттік телеарнасы, Belsat телеканалы, Irish Times, Helsingin Sanomat, Le Monde, Agence France-Presse, Politico, Euobserver, LRT литвалық агенттік, Delfi эстониялық портал, Аустриялық ORF мемлекеттік телерадио компаниясы, Ceska Televize, Seznam Zpravy интернет-порталы, Dennik N словакиялық портал бар.

"Егер ресейлік БАҚ-қа шектеулер алып тасталса, ресейлік тарап аталған БАҚ операторларына қатысты шешімін қайта қарайды", – деп атап өтті Ресейдің сыртқы істер министрлігі.

Ал Ресейдің бұл мәлімдемесіне Еуроодақ қарсы пікір білдірді. Еуроодақтың пікірінше, бұл бұқаралық ақпарат құралдары Ресей Федерациясы басшылығының тұрақты тікелей немесе жанама бақылауында Кремльдің Украинаға қарсы агрессивті соғысын ілгерілету мен қолдауда, сондай-ақ көршілес елдердегі жағдайды тұрақсыздандыруда маңызды рөл атқарады.



Сонымен бірге ұйым хабар таратуға тыйым салынғанына қарамастан, қабылданған шара бұл БАҚ қызметкерлеріне "ЕО-да қызметті жүзеге асыруға, соның ішінде зерттеулер жүргізуге және сұхбат жүргізуге" кедергі келтірмейтінін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін "Азаттық" радиосы Еуроодақтың 2022 жылдың наурызында санкциялар салса да, Кремльді қолдайтын Russia Today және Sputnik ресурстары Еуроодақ елдерінде хабар таратуын жалғастырып жатқанын хабарлаған еді. "Russia Today" телеарнасын ұлттық тілдерде таратуға Германияда, Польшада және Балтық жағалауы елдерінде Ресейдің Украинадағы жаппай агрессиясының басталуына аз уақыт қалғанда тыйым салынған.

Германияда RT хабарларын таратуға тыйым салуды Польша және Балтық елдері өз бастамаларымен RT лицензиясының жоқтығымен түсіндірді. 2022 жылдың наурыз айында Ұлыбританияда бұл БАҚ-тың хабар тарату лицензиясынан айырылды.

2022 жылдың желтоқсанында Ресейге қарсы санкциялардың тоғызыншы пакеті аясында ЕО ресейлік НТВ/НТВ Мир, Россия-1, РЕН-ТВ және Бірінші арна арналарының Еуропада хабар тарату лицензияларын тоқтатуға бастамашы болды.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық DA GROUP 22 компаниясы Ресейге көмектескені үшін Еуроодақ санкцияларының 14-пакетіне түскенін жазған едік. Тізімге Қырғызстан, Қытай, Түркия және БАӘ фирмаларын қосқанда барлығы 61 компания кірді.

Талқылау