Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Корея Ким Чен Ынды "Құдай санап, дәріптейтін" TikTok хитіне тыйым салды (видео)

Оңтүстік Корея Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынды "жылы жүзді әке" және "ұлы көшбасшы" деп мадақтайтын әуенді тыңдауға тыйым салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: gmanetwork.com

Сеулдің медиа реттеушісі сәуір айында шығып, TikTok-та хитке айналған музыкалық бейнеклип елдің Ұлттық қауіпсіздік туралы заңын бұзады деп мәлімдеді.

"Әуен Ким Чен Ынды Құдай санап, мадақтайды және дәріптейді", – деді Сеулдің Корея байланыс стандарттары жөніндегі комиссиясы.

Қауіпсіздік туралы заң Солтүстік үкіметінің веб-сайттары мен бұқаралық ақпарат құралдарына кіруге тыйым салады және режимнің пайдасына шешілетін мінез-құлық танытқандарды жазалайды.

Комиссияның хабарлауынша, "Жылы жүзді әке" бейнебаянының жиырма тоғыз нұсқасы бұғатталды. Бірақ мұның қалай жасалғанын нақтыламады. Бұғаттауға Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметінің сұрауы түрткі болған көрінеді.

"Бейнебаян Оңтүстік Кореяға қарсы психологиялық соғысқа қатысты типтік мазмұнды білдіреді. Өйткені ол сыртқы әлеммен байланысуға арналған арнада жарияланған. Сондай-ақ Кимді Құдай санап, дәріптеуге бағытталған", – деді комиссия өкілі.

Тыйым оңтүстіккореялықтардың қызығушылығын одан сайын тудырды. Кейбірінің пікірінше, бейнеклипті "көп адам көріп, әзілден ләззат алуы керек". Сол үшін олар видеоның қолжетімді болуын сұрайды.

Ән мәтінінде мықты әрі сымбатты Ким мырзаны "әке" және "Ұлы" адам деп сипаттайды. Солтүстік Кореяның бірінші басшысы болған Ким Ир Сенге айтылған сөздер енді немересіне қолданылып жатыр. Онда: "Ұлы көшбасшымыз Ким Чен Ынды мақтайық. Біздің жылы жүзді әкеміз Ким Чен Ынды мақтан тұтайық", – делінген.

Кейбір TikTok қолданушылары әуен спортзалда немесе үй тапсырмасын орындау кезінде қойылады десе, басқалары оның ностальгиялық стилін ұнатады. Бұл тыңдаушыға ескі испан және француз поп-музыкаларын еске салады екен.

Талқылау