Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей тұрғыны 30 жыл көрмеген ұлын Қазақстаннан тапты

Көкшетаулық Андрей Юдин 30 жыл құжатсыз, отбасысыз, баспанасыз және жұмыссыз өмір сүрген. Алайда достарының және "Жди меня, Казахстан!" бағдарламасының көмегімен оның өмірі өзгерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап.

Көкшетау тұрғыны Андрей Юдин балалық шағын қоспағанда, әрқашан жалғыз болған. Анасы белгісіз себептермен кетіп қалған, әкесі есінде жоқ. Бақытына орай, Андрейге адал дос жолықты. Оның отбасы Андрейге баспана беріп, оны ұзақ жылдар бойы іздеген туыстарын табуға көмектесті.

"Андрюшканы соңғы рет екі жас төрт айлық кезінде көрдім. Ол алғаш рет мені "папа" деп атады", - дейді -Андрей Юдиннің әкесі Сергей Юдин.

Әкесі мен ұлы арасындағы алғашқы кездесуі видео арқылы болса да, екеуі де көп сөйелемеді. Андрей Юдинге сөйлесу оңай емес, сөйлегенде қиналады. Оның үстіне ол шок жағдайда болды. Белгілі болғандай оны ағалары, апайлары, әпкелері, інілері іздеген екен. Себебі 30 жыл бұрын оның ата-анасы ажырасып кеткен.

"Света апай мен Серёжа ағайдың екінші ұлы Виталий марганцовкадан уаланып көз жұмды. Шамасы, Света апай әрі қарай өмір сүре алмады, мұнда бәрі оған осындай сұмдық оқиғаны еске түсірді, ол Қазақстанға кетіп қалды.  Ешкім онымен ұрыспады, ол кетуді жөн көрді, ешкіммен қоштаспай Андрейді алып кетті", - деді Андрей Юдиннің немере әпкесі Анастасия.

Андрей Юдиннің анасы Светлана Попредейко кейінірек тағы екі ұл туды. Әйел оларды неліктен тастап кеткені, ұлдардың әкелері қайда екені нақты белгісіз. Ең кішісі Дмитрийді Омбыда тұратын отбасы асырап алған. Ортаншысы Данила Ақмола облысындағы арнайы орталықта тұрады, оның ақыл-ойы кеміс. Соған қарамастан ол спортта көптеген жетістіктерге жеткен.

"Данила Капитонов - осал, бірақ ол барлық спорт түрлеріне қатысады. Біз Біріккен Араб Әмірліктеріне халықаралық ойындарға барған кезде ол Қазақстан волейбол құрамасына кіріп, қола медаль алып келді", - деді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ләззат Нүкенова.

"Андрей ұзын бойлы, мейірімді еді. Ал Дима - менің інім. Мен үйге барғым келеді, олармен кездескім келеді", - деді Данила Капитонов.

Бұл оқиғаның кейіпкерлерінің бәрі бір-бірімен тезірек жолығуға асық. Ресейдегі Красноярск өлкесінде Андрей Юдинді әкесі мен көптеген туыстары күтіп отыр, оны бірге тұруға шақыруда. Ер адам жақындарына барғысы келеді. Тек алдымен ол бұрын-соңды болмаған құжаттарын жасауы керек.

"32 жылдан кейін құжат алатыныма қуаныштымын. Даниламен қарым-қатынасым жақсы, біз онымен үнемі сөйлесеміз. Мен құжаттарды аламын, жұмысқа тұрамын, ақша жинаймын және міндетті түрде Данилаға барамын", - деді ер адам.

"Андрей бақытты, ол эмоцияларын көрсете алмайды, бірақ ол өте бақытты. Ол әкесімен, әпкесімен, інісі Даниламен сөйлесе бастаған соң өте өзгерді, бақыттан жүзі жарқырайды. Дима бізбен байланысқа шықты, ол да онымен сөйлескісі келеді", - деді Андрей Юдиннің танысы Лейла Ахметова.

Андрей Юдин құжаттарын бір айдан кейін ала алады. Бұл күн өз отбасына барар жолда алғашқы қадам болмақ. 

Талқылау