Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей стратегиялық ядролық қарулар туралы келісімге қатысуын тоқтатады

Ресей стратегиялық шабуыл қарулары туралы шартқа қатысуын тоқтатады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

бомба ядерное

Келісімді тоқтату туралы мәлімдемені Ресей президенті Владимир Путин сейсенбіде сөйлеген сөзінде айтты.

"Ресей қорғаныс министрлігі мен "Росатом" Ресейдің ядролық қаруын сынауға дайын болуын қамтамасыз етуі керек, әрине егер Америка Құрама Штаттары бірінші болып жасайтын болса", - деді Путин.



Ресей мен АҚШ арасындағы бұл келісім орналастырылған стратегиялық ядролық қарулардың арсеналдарын өзара қысқартуды көздеген. Құжатқа сәйкес әрбір тарапқа орналастырылған ядролық оқтұмсықтарды 1550 бірлікке, құрлықаралық баллистикалық зымырандарды, сүңгуір қайықтар мен ауыр бомбалаушы ұшақтардың баллистикалық зымырандарын 700 бірлікке дейін қысқартылған.

Айта кетейік, әлемде ядролық сынақтар соңғы 27 жылда – оларға толық тыйым салу туралы шартқа қол қойылғаннан бері жүргізілген жоқ.

Талқылау