Ресей саясаттанушылары: "Украинадан кейінгі мәселеміз — Қазақстан" (видео)
Ресейдің "Россия 1" мемлекеттік арнасындағы “Вечер с Владимиром Соловьевым” саяси ток-шоуында саясаттанушылар Қазақстанды Украинадан кейін проблема деп атады деп хабарайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Вечер с Владимиром Соловьевым” ток-шоуы
“Тыңдаңыздар, енді Қазақстан – біздің келесі мәселеміз екеніне назар аударайықшы. Себебі ол жақта да Украинадағыдай нацистік үдеріс қалыптасуы мүмкін. Ол елде орыстар да көп, аумағы да, Семей де, оған қоса, Росатомның ядролық материалдары да сол жақта”, – дейді сарапшылардың бірі.
Бұған ток-шоуды жүргізуші Соловьев: “Әрине! Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара құрлықтағы ең ұзын шекара”, – деп жауап берді.
Еске салайық, мамандар бұл ток-шоу мен Владимир Соловьевты Ресей саясатын үгіттеуші деп біледі. Украинадағы соғысты жақтаған тележүргізушіге бұрын Еуропа одағы бірнеше санкция салған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар