Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Украинамен келісімге келуге де, соғысты жалғастыруға да дайын – Reuters

Ресей президенті Владимир Путин тараптардың шайқас шебіндегі қазіргі ұстанымын бекітетін атысты тоқтату келісімі жасалса, Украинадағы соғысты тоқтатуға дайын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: reuters.com

Ресей басшысы егер Киев пен Батыс бұған келіспесе, Путин соғысты жалғастыруға дайын екенін айтты.

Путиннің айналасындағы осы тақырыптағы пікірталастардан хабардар үш дереккөзде де айтылады. Онда Батыс елдерінің Украина президенті Владимир Зеленскийдің кез келген ұсынысты шегеру туралы шешімін қолдайтынына және Мәскеумен бейбіт келіссөздер жүргізгісі келмейтініне көңілі қалғанын айтты. 



"Путин қажет болғанға дейін соғыса алады. Бірақ ол соғысты тоқтату үшін атысты кідіртіп қоюға да дайын", – деді Путинмен жұмыс істеген және Кремльдегі жоғары деңгейдегі келіссөздерде тәжірибесі бар төртінші, жоғары лауазымды ресейлік сарапшы.

Еске салайық, бұған дейін Ресейдегі Оңтүстік әскери округінде ядролық қаруды дайындау мен қолданудың тәжірибелік сынақтары басталды. Әскери округтің әскерилері "Искандер" жедел-тактикалық зымыран жүйесіне арнайы оқ-дәрілер алу бойынша жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындады. Сонымен қатар зымырандарды ұшыруға дайындық үстінде.

Талқылау