AAPL
146.95 $
-0.28 %
TSLA
710.92 $
0.17 %
NDAQ
189.36 $
0.37 %
GOOGL
2702.51 $
-0.37 %
FB
358.92 $
2.19 %
FRHC
63.77 $
-0.08 %
AAPL
146.95 $
-0.28 %
TSLA
710.92 $
0.17 %
NDAQ
189.36 $
0.37 %
GOOGL
2702.51 $
-0.37 %
FB
358.92 $
2.19 %
FRHC
63.77 $
-0.08 %

Ресей мен Қытай Айда салынып жатқан станцияны көрсетті

Ресей мен Қытай 2035 жылға қарай ай станциясын салуды жоспарлап отыр. Ол кем дегенде тоғыз ғимараттан тұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Роскосмос пен Қытай Ұлттық ғарыш әкімшілігінің ресми сайттарында презентация жарияланды. Айдағы станцияны құру тұжырымдамасы жұмыстың үш кезеңін қамтиды: зерттеу, құрылыс және пайдалану.

2025 жылға дейін аяқталуы тиіс бірінші кезеңге Айға алты (үш қытайлық және үш ресейлік) зерттеу аппаратын ұшыру кіреді. Сонымен қатар бағдарламаға енгізілген қытайлық "Чанъэ-4" 2019 жылы Айға қонды.

Қытайлық "Чанъэ-6" және "Чанъэ-7", сондай-ақ ресейлік "Луна-25", "Луна-26" және "Луна-27" станциялары ұшуға дайындалып жатыр.

Екінші кезең – станцияның құрылысы. Бұл кезең, презентацияға сәйкес, 2026-2030 жылдары өтуі керек. Екінші кезеңде "Луна-28" және "Чанъэ-8"аппараттары іске қосылады. 2030 жылдан 2035 жылға дейін Айда станцияның негізгі объектілері тұрғызылуы керек, содан кейін оны пайдалану басталады.

Презантация кадрларына сүйенсек, станция аумағында телекоммуникациялық модуль, командалық орталық, энергетикалық модуль, ұшу-қону алаңы, бақылау модулі, зертханалық, технологиялық, зерттеу модульдері және жермен байланыс модулін орнату жоспарлануда.

Сондай-ақ презентацияда мақсаты анықталмаған ғимараттардың бірінің жанында екі ғарышкер бейнеленген. Айналасында әртүрлі роботтандырылған кешендер бар.

2021 жылғы 9 наурызда Ресей мен Қытай халықаралық ғылыми ай станциясын құру саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Презантацияда Ресей мен Қытай айды дамыту бағдарламасында басқа елдермен ынтымақтасуға дайын екені айтылған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр