Ресей күрес федерациясы Париж олимпиадасына қатысудан бас тартты
Париж олимпиадасының жолдамасына ие болған ресейлік балуандар төртжылдықтың басты додасына қатысудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: РИА
Ресей күрес федерациясы Олимпиада комитеті Париждегі дүрмекке қатысуға рұқсат берген балуандарын төртжылдықтың басты додасына қатыстырмайтын болды. Олимпиада комитеті ресейлік төрт балуанға ғана Париж кілемінде өнер көрсетуге мүмкіндік берген еді. Бірақ Ресей күрес федерациясы олимпиада ойындарына шақыру алған спортшылармен кеңейтілген жиналыс өткізіп, о,лимпиада ойындарына қатысудан бас тарту туралы бірауыздан шешім қабылдаған. Осылайша ресейлік балуандардың лицензиялары өзге елдің балуандарына үлестіріледі.
Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің дзюдо құрамасы Париждегі ойындарда өнер көрсетуден бас тартқан болатын.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған

