"Ресей Қазақстанның егемендігін сақтауға көмектесті": Рамзан Қадыров Тоқаевтың Петербургтағы сөзінен кейін бейнеүндеу жасады
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдерге бейне үндеу жасап, оларды Украинадағы оқиғаларға қатысты нақты ұстанымдарын білдіруге шақырды. Қадыров мәлімдемесін өзінің Telegram арнасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қадыровтың айтуынша, Ресей бұл ұйымнан қазір ешқандай пайда көріп отырған жоқ. Ал Ресей барлығына көмектеседі, деді ол.
"Ресей Қазақстанды құтқарып қалды. Арменияны да. Армения мен Әзірбайжан арасында соғыс болған кезде Путин басты рөл атқарды. Қазақстан өз егемендігінен айырылып қалар шақта кім көмектесті? Ресей. Ешкімнен қорыққан жоқ. Неліктен біздің ата-бабаларымызды өлтірген нацистер мен фашистерге қарсы нақты ұстанымдарыңыз жоқ?", - деді шешен ұлтының басшысы.
Қадыров сонымен қоса Ресей көмекке мұқтаж сәтте, ұйымдас елдерді санкциядан сескеніп, үнсіз отыр деп айыптайды. Соғыс бізге ұнайды, біз жауынгерміз деген ол, қысым көріп жатқан ұлттарды қорғау өздерінің басты мақсаты екенін жеткізді.
- "Халық Кеңес одағына оралғысы келеді": Ресей Думасы КСРО-ның байырғы туын қайтаруды ұсынды
- "Ресей сарбаздары күйеуімді өлтіріп, мені зорлады": Украинада әскерилердің құрбаны болған әйелдердің оқиғасы
- Қадыров Путиннен Украинадағы операцияны тоқтатпауды сұрады
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым жомарт Тоқаев Петербургда өткен XXV экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Қазақстан өзін-өзі жариялаған ДНР мен ЛНР-ді мемлекет ретінде танымайтынын тіке айтқан еді.