"Ресей, Қазақстаннан қолыңды тарт!": Түркия жастары челлендж бастады

Түркия жастары ресейлік депутат Вячеслав Никоновтың даулы мәлімдесінен кейін Қазақстанды қолдау мақсатында челлендж бастады. Олар "Ресей, Қазақстаннан қолыңды тарт!", "Қазақстан жалғыз емес!", "Кім Қазақстанға қарсы болса, Түркияға да қарсы!" деген ұранды айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Түрік жастары бастаған акцияның видеосын белсенді Оғыз Доған YouTube-тегі арнасында жариялады.

Еске салайық, ресейлік телешоулардың бірінің эфирінде Ресей мемлекеттік думасы білім және ғылым комитетінің басшысы Вячеслав Никонов «Қазақстан территориясы - Ресей мен Кеңес Одағының керемет сыйлығы» деді. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл мәлімдемеге қазір наразылық білдірді. Департамент басшысының орынбасары Ресейдің уақытша сенімді өкілі Александр Комаровпен кездесті. Нота ресейлік дипломатқа тапсырылды.

Еліміздің сыртқы істер министрліктері Ресей тарапы болашақта мұндай арандатушылық мәлімдемелерді болдырмау үшін шаралар қабылдайды деген сенім білдірді.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі нота жібергеннен кейін Ресей депутаты Вячеслав Никонов жағдайға түсініктеме берді.

"Мен Қазақстан Республикасының шекарасына айналған Қазақ КСР-нің шекараларын анықтағанда Қазақстанның мүдделері толығымен сақталды деп есептеймін. Бұл менің "Большая игра" бағдарламасында айтқаным. Мен осы мүмкіндікті пайдаланып, бауырлас Қазақстан халқына тағы да жылы лебізімді білдіремін", - деп жазды Никонов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр