Ресей Қазақстанда орналасқан техникалық нысанаға зымыранмен шабуыл жасады
Ресей Қазақстандағы Сары-Шаған полигонындағы нысанаға құрлықаралық баллистикалық зымыран арқылы (ҚБЗ) соққы жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Новые известия" басылымына сілтеме жасап.
“Стратегиялық зымыран күштері 11 сәуірде Астрахань облысындағы “Капустин Яр” полигонында баллистикалық зымыранды сынақтан сәтті өткізді. Сынақтар ҚБЗ жетілдірілген жауынгерлік техникасын сынауға бағытталған және жаңа зымырандық жүйелерді әзірлеуде қолданылатын контур дизайны мен техникалық шешімдердің дұрыстығын растауға мүмкіндік берді. Зымыранның оқу-жаттығу оқтұмсығы Қазақстан Республикасындағы “Сары-Шаған” полигонындағы шартты нысанаға берілген дәлдікпен тиді. Әскерилер өздеріне жүктелген міндеттерді толық орындап шықты”, – делінген сәрсенбіде тараған ақпаратта.
- Қазақстан сыртқы саясатта Ресеймен арадағы ынтымақтастыққа ерекше басымдық береді – СІМ
- Ресейде әскерге шақыртылған азаматтарға шетелге шығуға тыйым салынды
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябковтың америкалық тарап “Капустин Ярдан” ҚБЗ ұшырылғаны туралы хабардар етілгені атап өтіледі.
Талқылау

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”

Қоқыс полигонындағы өрт алматылықтарға қаншалықты қауіпті: Мамандар экологиялық апатқа байланысты дабыл қақты
Экологист мұндай апат қандай жағдайлардың салдары екенін талдап айтып берді