Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей газды Қазақстанға Беларусьтен де арзанға сатуға дайын - Энергетика министрлігі

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев газды Беларуське қарағанда Ресей анағұрлым арзанға сатуға дайын екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы министр елордадағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесінен кейін айтты. Сөзіне сүйенсек, қазақстандық QazaqGaz компаниясы мен "Газпром " еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін ықтимал газдандыру бағытын келіскен. 

"Газпром" басшылығымен және QazaqGaz компаниясының басшылығымен бірқатар кездесулер өтті. Бізде Ресейден жаңа газ құбырларының алдын ала келісілген бағыты бар. Ресей бізге газды Беларуссиядан әлдеқайда төмен бағамен береді. Алдын ала келіссөздер жүріп жатыр”, – деді министр. 

Сонымен қатар Алмасадам Сәтқалиев бұл газ құбырын Қытайға жалғастыру мүмкіндігі де қарастырылғанына тоқталды. Бірақ қазір тек Қазақстандағы газға деген қажеттілікті жабу мәселесі қаратылып жатқан көрінеді.

Талқылау