Ресей ғалымдары араға 50 жыл салып Айға алғашқы станциясын жіберді
Ресей ғалымдары соңғы жарты ғасырда алғаш рет Айға ғарыш станциясын ұшырды. Ол спутниктің оңтүстік полюсіне қонып, барлау алаңына айналады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RT на русском Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Роскосмостың мәліметінше, ғарыш стансасының ұшуы шамамен бес күнге созылады. Осы уақыт ішінде нысан Жерден Айдың оңтүстік полюсіне және құрлыққа дейінгі қашықтықты басып өтеді.
Роскосмос мамандарының пікірінше, "Луна-25" әлемдік тарихтағы қиын рельефі бар полярға жақын аймаққа жұмсақ қонатын бірінші станция болуы керек. Алдағы уақытта, станция жер серігінің бетін сол жерде зерттейтін ғарышкерлердің мекеніне айналады.
"Союз 2.1б" зымыранын "Луна-25" станциясымен ұшыру 11 тамызда Мәскеу уақытымен 02:11-де (Астана уақыты бойынша 05:11) өтті.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр