Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей елшісі: "Росатом" корпорациясы Қазақстанда атом электр станциясын салуға дайын

Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Александр Бородавкин "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында "Росатом" мемлекеттік корпорациясы Қазақстанда атом электр станциясын салуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дипломаттың айтуынша, қазірдің өзінде Қазақстанда электр қуатының тапшылығы байқалып отыр. Дағдарыстан шығу жолы АЭС құрылысын бастау, бұл фактіні түсіну және қабылдау қажет, деді ол.

"Ресейлік "Росатом" мемлекеттік корпорациясы бұл мәселені шешуге дайын. Корпорацияның атом электр станцияларын салуда тәжірибесі мол. Олар Беларусь, Түркия, Үндістан, Венгрия, Бангладеш, Қытай, Финляндия, Египетте құрылыс жұмыстарын жүргізген. Осы электр стансасының құрылысын "Росатом" компаниясының мердігеріне сеніп тапсырса, Қазақстан ұтылмайды", - деді Бородавкин.



Айта кетейік, 1 қыркүйек Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев бір жыл ішінде үкімет пен "Самұрық-Қазына" қоры Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық таза атом энергетикасын дамыту мүмкіндіктерін зерделеуі керектігін айтып өткен болатын.

Талқылау