Энергетика министрі: АЭС туралы шешім әлі қабылданбады
Энергетика министрі Мағзұм Мирзағалиев Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу туралы шешім әлі қабылданбағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол туралы министр Нұр-Сұлтанда өткен "Париж келісімінің мақсаттарына жету жолдары мен Қазақстанның көміртекті бейтараптығы" конференциясы аясында мәлімдеді.
"Жалпы алғанда, АЭС туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Зерттеулер жүргізілуде – коммерциялық, техникалық, қажеттілік жағын қарастырып жатырмыз”, – деді энергетика министрі.
Қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке және "Самұрық-Қазына" қорына Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық таза атом энергиясын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырды.
Атыраудағы лотос алқабы: Мамандар жергілікті емес өсімдіктердің экожүйені жойып жіберуі мүмкін екенін айтты
Маман: "Инвазивті өсімдіктер өте жылдам таралып, су түбін көлеңкелейді және жергілікті өсімдіктерді ығыстырады"
14 жастағы қыздың "зорлау" ісін өз еркімен болды деп ауыстырған: Қазақстандық тергеуші салғырттық танытты деп айыпталды
Оқырмандар істің "ерікті жыныстық қатынас" ретінде бағалануына күмән келтірген