Референдумға бөлінетін 16,4 миллиард теңге қайда жұмсалады?
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина референдум өткізуге бөлінген 16,4 миллиард теңгенің қайда жұмсалатынын айтты. Сөзінше, қаражаттың 21 пайызы учаскелердің материалдық-техникалық жасақталуына, референдум комиссиясының жұмысына арналмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бұл соманың 21% дауыс беру учаскелерінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне, Орталық референдум комиссиясы мен учаскелік әрі аумақтық комиссиясының жұмысына, баспа өнімдерін даярлауға, ақпараттық сүйемелдеуге, сондай-ақ ел аумағында арнайы билбордтарды орналастыруға арналған", – деді С. Мұстафина Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз мәслихатында.
Шығындардың басы бөлігі бюллетень сынды баспа өнімдерін дайындауға, сондай-ақ нашар көретін референдум қатысушыларына арналған трафареттерге жұмсалмақ. Ал 79%-ы комиссия мүшелерінің ақысын төлеуге арналған.
"Бұл сандар неліктен жоғары? Негізінен бұл өзге елдердегі және президент сайлауындағы кампаниямен бірдей. 79% бұл – 71 мың учаскелік және аймақтық комиссиялардың еңбекақысы. Жалақы елдегі орташа жалақы мөлшеріне сай", – деді Сабила Мұстафина.
Айта кетейік, бұған дейін 5 маусымда өтетін республикалық референдумға бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінетіні туралы хабарлаған едік.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
