AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Республикалық референдум: Неліктен қазақстанстандықтар 56 өзгеріс бойынша бір ғана сауалға жауап береді?

5 маусымда өтетін референдумда ел тұрғындары бір ғана сұраққа жауап береді. Сайлаушылар аталған 33 баптың өзгеруін бірдей құптайды немесе құптамайды. Өзгеріске ұшырағалы тұрған баптар жеке жазылмайды. Әділет министрлігі қазақстандықтар не себепті 56 өзгеріске бір ғана жауап таңдай алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

референдум

"Барлық түзетулер бір-бірімен байланысты. Аралас. Бір түзетудің екінші түзетумен қарым-қатынасы зор. Сондықтан бір түзетуді қабылдай отырып, екінші түзетуді қабылдамаса, бүкіл осы саяси реформаның өтуі ертең қиынға түсуі мүмкін. Не біз бұл бүкіл жобаны қабылдаймыз, не мұны қазір қабылдауға дайын емес екеніміз туралы шешім қабылдаймыз", –  дейді әділет вице-министрі Алма Мұқанова.

Қазақстан халқы 5 маусымда Ата заңға 56 түзету енгізуге дауыс береді. Жаңа ереже бойынша Парламент мәжілісінде 98 депутат болады. Олар аралас жүйе бойынша сайланады: депутаттардың бір бөлігі партиялық тізім арқылы, екінші бөлігі кандидатты халықтың тікелей сайлауы арқылы сайланады. Ал жүктелген міндетін дұрыс атқармаған халық қалаулысынан сайлаушылар мандатын қайтарып алуға құқылы. Бірақ ол үшін белсенді топ құрылып қол жинауы тиіс. Бұл түзету әлі қарастырылып жатыр. 

Сонымен қатар республикалық маңызы бар қалалардың және астана әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту көзделіп отыр. Облыс, қала, аудан, ауыл мәслихат мүшелері қолдамаса, әкім өңірді басқара алмайды. Президенттің өкілеттілігіне қатысты шектеулер де дауысқа салынады.    

"Экс-президенттердің Конституциялық кеңесте болу құқығын да алып тастау қарастырылған. Енді бірде-бір президент өз лауазымын аяқтағаннан кейін Конституциялық кеңеске немесе Конституциялық сот қатарына кіруге мүмкіндігі болмайды. Жерді, оның қойнауын, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстарды халық меншігі деп жариялау. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады", – деп қосты әділет вице-министрі Алма Мұқанова. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр