5 маусымда өтетін республикалық референдумға 16 миллиард теңге бөлінбек
5 маусымда өтетін республикалық референдумға бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінбек. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Референдум өткізу үшін республика бюджетінен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Сәйкес есептер Орталық сайлау комиссиясы тарапынан ұсынылды. Бүгін үкімет тиісті қаулыны қабылдады. Ақша республика бюджетінен бөлінеді", - деді Жамаубаев үкімет кулуарында.
Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы еліміздегі референдум өткізу мен оның тәртібі туралы атап өткен еді. Сондай-ақ комиссия республикалық референдум комиссияларының қызметі туралы қаулы қабылдаған.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"