Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Реал" Неймарға 200 млн еуроның келісімшартын ұсынды

Мадридтік «Реалдың» директоры Флорентино Перес «Пари Сен-Жермен» мен Бразилия құрамасының форварды Неймарға құны 200 млн еуро тұратын бес жылдық келісімшарт ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sport.es басылымына сілтеме жасап. 

Неймар

Неймар осы келісімшартқа қол қоятын болса, планетадағы ең қымбат екінші футболшы болады. Бірінші орында «Барселона» ойыншысы Лионель Месси тұр. Сондай-ақ, 27 жастағы бразилиялық Каталон клубына қайтып келу туралы ойланып отыр. 

9 тамыз күні Sport.es «Барселонаның» Неймар жалақысына қатысты талаптарды азайтады деп күтіп отырғанын хабарлады. Каталондық клуб ойыншының басқа клубқа ауысуына кедергі жасамақ.

БАҚ мәліметінше, «Реал» «Пари Сен-Жерменге» Неймардың орнына бірнеше ойыншыны айырбас ретінде жіберуге әзір. «Патша клубы» хорват Лука Модричпен қоштасуы мүмкін. 

Неймар ПСЖ-ға 2017 жылы өтті. Бразилиялықтың «Барселонадан» ауысу трансфері 222 млн еуроға бағаланып, футбол әлемінде рекорд орнатты. 2018-19 жылдары оның қоржынында 28 матчта 23 гол бар. Неймар «Барселона» құрамында жүріп екі мәрте Испания чемпионы болып, Чемпиондар лигасында жеңіске жетті. 

Талқылау