"Реал Мадрид" клубының негізгі құрамы Алматыға келді

Алматы халықаралық әуежайы УЕФА Чемпиондар лигасына қатысушы ойыншыларды қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгін Еуропаның басты клубтық турнирі аясында Испанияның "Реал Мадрид" клубының ойыншылары Алматыға келді. Қонақтарға қазақтың қонақжайлығы мен ыстық лебіз, ықыласы көрсетілді.
“Футболшыларға өнерпаздардың УЕФА Чемпиондар лигасының әнұранын қазақтың дәстүрлі аспаптарымен орындағаны ерекше әсер етті. Бұл сәт спортқа деген сүйіспеншілік пен ерекше ұлттық үнді біріктірді”, – деп жазды әуежайдың баспасөз қызметі.
Ойыншыларды қазақстандық жанкүйерлер де қатты күтті. Олардың арасында көбі – бала. Олар ұшақ қонғанға дейін әуежайдың алдында кумирлерін сарыла күткен.
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"
122 миллиард теңге бөлінсе де, Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу неге дамымай жатыр
Маман қомақты қаржы бөлінгенімен, қалдықтарды өңдеуде шешілмеген мәселе көп екенін айтады

