Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Райымбек Баталовтың көңілдесісің бе?": Бишімбаевтың телефонынан Нүкенованы сұрақтың астына алған видеолар табылды (видео)

Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев телефонының құпиясөзін айтты. Оның телефонында марқұм Салтанат Нүкенованы айыпталушы мәжбүрлеп, сұрақтың астына алған видеолар көрсетіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тікелей эфирден скриншот

Видеода марқұм Салтанат Нүкенова жерден бірдеңе іздеп жатыр. Қуандық Бишімбаев оған “ізде” деп айқайлап, боқтық сөздер айтып жатыр. Айыпталушы бұл видеоны түсіргені есінде жоқ екенін айтады. 12 видео 8-9 қарашада түсірілген. Көлікте, далада түсірген екен.

Судьяның айтуынша, видеода Нүкенова күртеше киген, ал ішінде ештеңе жоқ. Бишімбаев әйелін балағаттап, қайта-қайта "Райымбек Баталовпен төсектес болдың ба?" деп сұрақтың астына алды. Соңғы видеода сұрақтан мезі болған Нүкенова "Иә" дейді.

Судья жәбірленушілердің бұл видеоны көрмеуі тиіс екенін айтты.
"Дәретханаға бармайсың, жоқ саған дәретхана, қарғыс атқыр. Ізде" дейді тағы бір видеода.

Бишімбаев: Сен онымен жаттың ба? Райымбекпен?
Салтанат: Иә
Бишімбай: Көңілдесі болдың ба? "Онымен жыныстық қатынасқа түстің бе? Не үшін? Ақша керек болды ма?
Салтанат: Жоқ

Бишімбаев: Тағы да айт, мен онымен төсектес болдым де. Мойында

Бұл жерде Бишімбаев судьяға "Бұл монтаж болуы мүмкін, телефонды ашып, бәрін жүктеп алған шығар" дейді.

Судья тағы бір видеода "Салтанат жалаңаш денесінің үстіне күртеше ғана киіп алған", "Жәбірленуші қанды көйлекті көрсетіп тұр" деп атап өтті.

Бишімбаев: Райымбектің көңілдесі, басыңды көтер

Тағы да бірнеше видеода осы сөзді қайталап, сұрауын қоймайды.

Соңында Нүкенова “дәлел-дәйекті қажет етіп тұрсың ба? Кетші” дейді.

Бұған дейін Бишімбаев судьяға телефонының құпиясөзін айтпай қойған еді. Ол адвокаттарына ғана құпиясөзді айтуға дайынмын деп мәлімдеді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті де Бишімбаевтың телефонын аша алмады. 

Бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды. Қазір олардың сот отырысы ашық түрде өтіп жатыр. 

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған.

Талқылау