Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бишімбаевтың телефонын аша алмады

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысында судья Айжан Құлбаева Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық мамандары Бишімбаевтың телефонын аша алмағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Судья Құлбаеваның сөзінше, Бишімбаевтың телефоны сотқа дейінгі тергеу барысында заттай дәлел ретінде тіркелген. 

"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 375-бабына сәйкес заттай дәлелдерді қарау сот тергеуінің кез келген сәтінде жүргізіледі. Сотқа дейінгі тергеу барысында осы телефонға қатысты ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметінің 12-департаменті зерттеу жүргізді. IPhone 13 Promax ұялы телефонына алты таңбалы код-құпиясөз қойылған. Код-құпиясөзді қолда бар техникалық құралдармен ашу мүмкін болмады", – деді судья.



Ал прокурор Айжан Аймағанова мұндай әрекеттің дұрыс емес екенін мәлімдеді. 

“Олардікі дұрыс емес деп ойлаймын. Нүкенова мен Байжановтікі секілді Бишімбаевтың да телефоны заттай дәлел деп танылды. Олардың ұялы телефоны бастан-аяқ тексерілді, сол сияқты Бишімбаевтікін де толық қарап шығу керек”, – деп мәлімдеді ол.

Оның сөзінше, адвокаттар құпиясөзді айтпай отырғандықтан, телефонды қаралмаған деп тану керек. 

Бұған дейін белгілі адвокат Джохар Утебеков экс-министр Бишімбаевтың сотында сотталушының телефоны неге ашылмағанына қатысты пікір білдірген еді.

“Маған Бишімбаевтың телефоны неге әлі ашылмағаны туралы миллиондаған сұрақ келді. Тергеу телефонды неге ашпады? Құқықтық жағынан бұл мәселеде ешқандай мәселе жоқ. Бұл үшін тергеуші тергеу судьясының санкциясын оңай ала алады. Мен бұл мәселеге техникалық жағынан түсініктеме бере алмаймын. Сала маманының айтуынша, құпия сөзді бұзу соншалықты қиын емес көрінеді. Бірақ мен өзім қылмыстық істерде мұндайды көрген емеспін”, – делінген жазбада. 

Талқылау