Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаев сотында алқабилерді көрсетіп қойған журналистерге сот шешім шығарды

Астанада Қуандық Бишімбаевтың соты туралы сюжетте алқабилерді елге көрсетіп қойған Ктк арнасының журналистерінің үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Ктк арнасының сюжетінен скринделген

Сот басынан бастап БАҚ өкілдеріне сот үкімін шығарған кезде олардың объективтілігіне әсер етпеуі үшін алқабилерді көрсетуге ресми түрде тыйым салған болатын. Алайда КТК арнасы сюжет барысында алқабилерді қатар алып, бұл видео TikTok желісінде тарап кетті. 

Салдарынан қазақстандықтар алқабилерді көрді. Осыдан кейін сот БАҚ қызметкерлерін залдан шығару туралы шешім қабылдады.

Кейін Ктк қызметкерлеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653-бабы (сотты құрметтемеу) бойынша хаттама толтырылып, үш адам - корреспондент Анна Абрамова, оператор Абылхан Самбетов және бас редактор Александр Подойников жауапқа тартылды.



Алғашқы екеуі кінәні толық мойындады. Ал олардың жетекшісі кінәні ішінара мойындады. Үшеуіне де 20 АЕК айыппұл салынып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы жаза қолданылған еді. Алайда сот кейін ескертумен шектеліп, ешкімді қатты жазаламауға шешім қабылдады.
Журналистер сот қаулыларына шағымдануға құқылы.

Еске салсақ, КТК арнасы 9 сәуір күні Бишімбаев сотынан репортаж дайындау кезінде алқабилерді де түсіріп, оны кадрға қосып жібергені туралы хабарлаған едік. Кейін Судья БАҚ өкілдерін сот залынан уақытша шығаруды бұйырды.

Талқылау