Рамазан Амантай "Анандимен" бірге фильмге түскенін айтты
"Бизнес по-казахски в Америке" фильміндегі Еркоштың "I go to school" фразасы көпшілікті күлдіріп, тіпті вирусты тіркеске айналған еді. Кинокартинаның әр бөлімінде жоғалып кететін кейіпкерге бүкіл халық болып алаңдайтынымыз рас. Халықтың сұранысына орай, Нұрлан Қоянбаев Еркоштың хикаясы туралы бөлек фильм түсірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Наурыз айында Қазақстандағы ең алғашқы спин-офф жанрындағы "I go to school" фильмі халыққа жол тартпақ. Басты рөлдердің бірін қазақтың қызындай болып кеткен үндінің қызы Авика Гор, яғни Ананди сомдайды", – деп сүйінші сұрады Рамазан.
Бұдан өзге, актер жеке өміріндегі жаңалықтарымен бөлісті. Ол осыдан бір жыл бұрын отау құрғанын хабарлады.
"Үйленген жақты. 15 келі салмақ қостым", – деп күлді өзі.
Айта кетейік, желтоқсан айының соңында "Қазақша бизнес Түркияда" фильмі жарыққа шыққан болатын.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді
"27 рет көзіме шөп салып, бауыздамақ болды": Шымкенттік әйел бастан кешкен сұмдық оқиғасын айтты
Басын кесіп, көшеге тастамақ болған