Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рахман Омар үйіне келген қыздарды қалай жылатқанын айтып берді

Тележүргізуші Рахман Омар бала күнгі естелігін бөлісті. Ол үйіне құдықтан су алуға келген қыздарды жылатқан екен. Олар өз кезегінде Рахманның суға құм салмауы үшін кәмпит берген-ді.

17333954_1895788730668383_7171253679486402560_n

Бұл туралы «Басты рөлде» бағдарламасында айтылды.

Бүгінде тележүргізуші қолы қалт етсе волейбол ойнағанды жақсы көреді. Ендігі ниеті өнер адамдары арасында футболдан бөлек, волейболдан жарыс өткізу. Мұнымен қатар, ол кішкене екі ұлын осы спорт түріне баулағысы келетінін айтып қалды.

«Үлкен ұлдарым волейболға мойын бұрмады. Олар футбол мен баскетболды жақсы көреді. Бірақ кішкене екі ұлымнан бірдеңе шығады-ау деп жүрмін. Олардан үмітім зор. Мен ата-әжемнің баласы болдым. Әсіресе, атам «Тасжарған» деп еркелететін. «Осы балам не тас жарады, не бас жарады» деп үнемі айтып отыратын. Кішкентайымнан елгезек, қағылез болып өстім. Тентек болсам да, «қой» дегенге көнетінмін», – дейді Рахман Омар.

Тележүргізуші бала күнгі тентектіктерін еске алды. Ол бір кездері үйіне келген қыздарды жылатқан екен.

«Бұрын біздің үйде құдық болатын. Осы құдықтан су алуға үнемі қыздар келетін. Бірақ неге екенін білмеймін. Алған суларының үстіне құм төгіп жіберетінмін. Олар жылап, төкпеуім үшін маған кәмпит беретін. Жемқорлық сол кездің өзінде болған екен ғой. (Күлді.) Бала күнімнен кім болатынымды білдім. Арнайы дайындықпен келдім. Мектепте химия, физика сынды пәндерді жақсы оқымасам да, қалғандары көңілімнен шығатын. Көбінесе қоғамдық жұмыстарға көп араластым. Директордың өзі менімен санасатын.  Тауық даусын салатынмын. Көршілер қораға тауық кіріп кетті деп ойлап қалатын. Маған сол қызық болатын. Қой кезекке барып, далада қызғалдық тердім, ән айттым. Сөйтіп жүріп өстім», – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Талғат Теменов “Тоқал” фильмінің режиссерін көргенсіз деп атады

Жазушы Гүлнұр Оразымбетованы Ұлттық арнаның директоры етіп тағайындауды ұсынды

Қарақатқа деген сезімін білдірген Қыдырәлі көптің жүрегін елжіретті

Әнші Әдемі кәріс баласын балағаттаған қазақтарға жауап берді

Талқылау