Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Райымбек Баталов "Даму" қорының тәуелсіз директор қызметінен кетті

Фото: Raimbek Group

Райымбек Баталов "Даму" қорындағы тәуелсіз директор қызметінен алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан қор биржасы (KASE) жариялаған ресми құжатқа сәйкес, Райымбек Баталов  енді “Даму” қорының тәуелсіз директоры емес.

Ал Қанат Шарлапаев директорлар кеңесіне сайланды.

Құжатқа сәйкес, қордың директорлар кеңесінің құрамындағылар:

  • Серік Жұманғарин Мақашұлы;
  • Рустам Қарағойшин Тимурұлы;
  • Әлия Мырзағалиева Ерболатқызы;
  • Қанат Шарлапаев Бисембайұлы;
  • Алина Алдамберген Өтемісқызы;
  • Ғалым Құсайынов Әбілжанұлы;
  • Фархат Сәрсекеев Қайнарұлы.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаевтың бұрынғы көмекшісі Қанат Шарлапаев енді "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасын басқаратынын жазған едік. 23 қаңтарда Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 13-съезінде төралқаның жаңа төрағасы сайланды. Қанат Шарлапаев бұл қызметке Райымбек Баталовтың орнына келді. Ол көпшілік дауыспен сайланды.

Қырмызы Скендір
Жұма, 17 Сәуір, 2026 08:36