Рафаэль Уразбахтин: “Қақпашы Александр Заруцкийдің "Қайратпен" ресми түрде келісімшарты аяқталды”

Алматылық “Қайрат” футбол клубының бас бапкері Рафеэль Уразбахтин команданың негізгі қақпашысы Александр Заруцкийдің құрамадан кеткенін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы бас бапкер “Қайрат” пен “Олимпиакос” арасындағы матч алдындағы баспасөз мәслихатында айтты.
“Александр Заруцкийдің “Қайратпен” келісімшарты аяқталды”, – деп қысқаша қайырды бас бапкер.
Айта кетейік, Александар Заруцкий “Қайраттың” сырт алаңда “Селтикке” қарсы ойынында ауыр жарақат алып, ойыннан тыс қалған еді. Осыдан кейін “Селтикпен” үйде өткен ойында оның орнына Темірлан Анарбеков шықты.
Александр Заруцкий Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде өте жоғарғы деңгейде өнер көрсеткен қақпашы. Ол іріктеу кезеңінде “Қайраттың” қақпасын бірнеше голдан аман сақтап, тіпті пенальти серияларында да допты сәтті қайтарған. Сондай-ақ ол “Қайраттың “ Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына да зор септігін тигізген.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды