"Рәбиә Сұлтаным!" Қайрат Нұртастың кенжесімен жариялаған видеосы жұрттың жүрегін елжіретті
Фото: https://www.instagram.com/kair_n
Белгілі әнші Қайрат Нұртастың кенже қызымен түскен видеосы көпті тәнті етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі қызы Рәбиәмен видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
“Қызым, менің кішкентай Рәбиә Сұлтаным!” – деп жазған ол.
Әншінің оқырмандары видеоға тәнті болып, жылы пікірлер жаудырып жатыр.
“Қайратты бөпелерімен, Жұлдызымен қосып, бәрін жақсы көре береміз”, “Алла ғұмырлы етсін, бауы берік болсын”, “Жып-жылы көрініс”, “Рәбиә сұлтанға ұзақ ғұмыр тілейміз”, “Көз тимесін, маған да бұйырсыншы осындай балапан”, “Әкесінің ерке қызы болатыны сөзсіз”, – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова “Қайрат Нұртасқа "Халық әртісі" атағын беру керек” деген пікірді қолдаған еді.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн