Рүстем Нұржігіт: Кеңес одағы кезінде ажырасу ұят болатын
Рүстем Нұржігіт ерлі-зайыптылардың қоғамдағы еркіндікке бола ажырасып жатқандарын сөз етті. Кеңес заманы болса, мұндай ажырасулардың аз болатындығын айтып жатыр.
Сурет: Yvision
Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
“Ажырасу көбейіп кетті деу дұрыс емес. Мысалы, кеңес одағы кезінде ажырасу деген ұят нәрсе болатын. Қоғам ажырасу деген нәрсені болдыртпауға тырысатын. Қазір еркіндік бар. Жастар бірден ажырасуға дайын тұрады”, – дейді Рүстем Нұржігіт.
Ал “Жігіттер” тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов өнер адамдарының қандай жағдай болмасын ажыраспауларын құптайтынын сөз етті. “Өнер адамдарының өмірінде әртүрлі жағдайлар болып жатыр. Бәлкім жастар бірнәрсеге келіспеген шығар, бәлкім бір-біріне әлі сіңіспеген шығар. Бір-екі жыл ішінде адамды толық түсініп, білу қиын. Отбасы болған соң, әсіресе, күйеуімен қызықты бірге көрулері керек. Халықтың алдында жүрген адамдар ажыраспаса екен деген өзімнің тілегім бар”, – дейді ол.
Әнші Дана Маханбаева жастардың ажырасуын әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың төмендігімен байланыстырды. “Ажырасуға 90% жағдайда әлеуметтік жағдай себепші. Көбісі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың төмендегіне шыдай алмайды. Оның үстіне көп жас отбасында баспана болмайды. Бірінші себеп осы деп ойлаймын. Қазіргі жастарға шыдам деген нәрсе өте керек”, – дейді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Меруерт Түсіпбаева алғаш рет жалғыз ұлының әкесі туралы айтты
Талғат Жорабаев: Үндемей шыдап келген Алтынай жанартау болып атылды
Есентаевтың қарындасы Алагөзовке арнап торт әзірлеген Айаруға ренішін жеткізді (фото, видео)