Қызылордада 240 пәтерлік 6 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Бүгін Отан қорғаушылар күні қарсаңында қала әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен сол жағалаудағы 240 пәтерлік 6 көпқабатты тұрғын үй кешенін иелеріне табыстау рәсімі өтті. Оған мәслихат депутаттары және зиялы қауым өкілдері, ел ағалары қатысты.
"Президент өз Жолдауында: "Елімізде бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеу қажет. Негізгі қағидат – тұрғындар, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру" деген болатын. Мемлекет басшысының, Үкіметтің тұрақты қолдауының арқасында, облыс әкімінің үйлестіруімен бұл бағыттағы жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді. Соның нәтижесінде шаһарымызда жыл басынан бері 655 отбасы қоныс тойын тойлады. Жыл соңына дейін тағы 1 581 пәтер пайдалануға беріледі. Биылдың өзінде бюджеттен тұрғын үй құрылысына 58 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 31 көпқабатты үй салынады. Оның 945 пәтері ипотекалық, 1336 пәтері әлеуметтік осал топтарға арналған. Ерекше атап өтуіміз қажет, кейінгі жылдары қаламызда заманауи жаңа дизайнмен жеті, тоғыз және он екі қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде. Бүгін міне, Өздеріңізбен бірге айтулы мерекелер қарсаңында 6 көпқабатты тұрғын үй кешенін пайдалануға беру үшін жиналдық. 4 млрд. 500 млн. теңгеге салынған бұл кешеннің аумағы 15 600 шаршы метр, құрылысты Сыр өңірінде талай жылдан бері қолтаңбасы қалған мердігер мекемелер салды. Қоныстарыңыз құтты болсын! Шаңырақтарыңыз жылулық пен мейірімге, балалардың шат күлкісіне толсын. Сіздерге жақсылық, ынтымақ пен бірлік, амандық тілейміз. Елдігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!", – деді қала әкімі.
Жиында тұрғын үйді сапалы етіп салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев сөз сөйледі.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды