Құрылтай сайлауына қатысуға жеті партиядан 545 кандидат тіркелді

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысуға жіберілген жеті саяси партияның мүшелерін тіркеуді аяқтады. 145 депутаттық мандатқа барлығы 545 үміткер тіркелген. Демек бір мандатқа орта есеппен 3,8 адамнан келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ең көп кандидат ұсынған партия – “Әділет”. Партия тізіміне 186 кандидат енген, бұл барлық үміткердің үштен бірінен астамы.
Одан кейін Respublica партиясы – 75, Қазақстанның халық партиясы – 72, “Ауыл” – 69, “Ақ жол” – 63, “Байтақ” – 47 және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 33 кандидат ұсынған.
Барлық партиялық тізімде әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген 30% квота сақталған. Бұл санаттағы үміткерлердің ең жоғары үлесі Respublica партиясында тіркеліп, 50,7% болды.
Тіркелген кандидаттардың қатарында депутаттар, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, дәрігерлер, мұғалімдер, заңгерлер, IT мамандары және басқа да түрлі сала өкілдері бар.
Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура 23 тамызға белгіленген Құрылтай сайлауы қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасап, сайлау туралы заңды бұзғаны үшін жаза барын ескертті. Сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге де тыйым салынады.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Оқыңыз