Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазцинк" зауытындағы жарылыс: Зардап шеккен қызметкердің денесі 90% күйіп қалған

Казцинк жарылыс науқас
Фото: Видеодан скрин/magnific.com

"Казцинк" компаниясы науқасқа көмектесу үшін Өскеменге арнайы бортпен Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының дәрігерлері ұшып келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астаналық дәрігерлер "Казцинк" компаниясының қорғасын зауытында болған жарылыс салдарынан күйік алған қызметкерге көмек көрсетеді.

“Бұған дейін орталықтың бейінді мамандарымен телемедициналық кеңес өткізіліп, зардап шеккенді емдеудің алдағы шаралары келісілген”, – деп мәлімдеді компания.

1980 жылы туған ер адам қазір жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр. Оның денесінің 90 пайыздан астамы, соның ішінде тыныс алу жолдары мен көздің қасаң қабығы күйген.

Екінші зардап шеккен науқас – 1974 жылы туған ер адам. Оның бел омыртқасы компрессиялық сынып,  ауруханаға жеткізілген.

Еске салсақ, 5 мамыр күні таңертең Өскемендегі "Казцинк" ЖШС-нің қорғасын зауыты аумағында, электролиз цехының балқыту бөлімінде жарылыс болып, 120 шаршы метр аумақта өрт шыққан. Сонымен қатар цехтың 220 шаршы метр аумағында құрылымдар опырылған. Құтқарушылар келген кезде цех ашық жалынмен жанып жатқан.

Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты – балқытушы Ержан Камалиев пен жабдықтарды шебер Олжас Рамазанов. Ауруханаға бес адам жеткізілді, олардың үшеуі тексерістен кейін жеңіл жарақаттармен үйлеріне жіберілді. Тағы екі адам өте ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. 

Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнынан түсірілген кадрларды жариялады. Өскеменнің өнеркәсіптік аймағында бұлт пайда болғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы экология департаментінің мамандары жағдайды бағалау үшін оқиға орнына барған.

Өскемендегі "Казцинк" зауытындағы жарылыстан кейін облыс полициясы еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Премьер-министр Олжас Бектенов жарылысқа байланысты қажетті тапсырмалар беріп, жағдайды жеке бақылауына алды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құруды тапсырды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 06 Мамыр, 2026 08:21