Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға сайлау күніне қатысты маңызды ескерту жасалды

сайлау

Фото: Stan.kz

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауы күні толтырылған бюллетеньнің фото-видеосын жариялауға болмайтынын ескертті. Мұндай материалдар сайлауалды үгіт-насихат ретінде бағалануы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Неліктен бюллетеньді жариялауға тыйым салынған?

Дауыс беру күні қазақстандықтарға толтырылған сайлау бюллетенін фото-видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желілерде не басқа интернет-ресурстарда жариялауға болмайды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік бұл талап дауыс беру құпиясын сақтау мақсатында енгізілгенін айтты.

"Бұл норма саяси партияларға жария түрде қолдау көрсетуге жол бермейді. Оған қоса еркін әрі жасырын дауыс беруді, сайлау процесіне қатысушыларғаа тең жағдай жасауды және сайлаушылардың өз таңдауын ешбір қысымсыз жасауын қамтамасыз етуге бағытталған", – деді Ләззат Сүйіндік.

Оның айтуынша, дауыс беру күні кез келген сайлауалды үгіт-насихатқа тыйым салынады. Сондықтан азаматтың кімге дауыс бергенін жария көрсетуі үгіт-насихат ретінде бағалануы мүмкін. Осыған байланысты толтырылған бюллетеньді ешкімге көрсетпеуге және оның фото-видеосын жарияламауға кеңес беріледі.

Аталған талапты бұзғандарға 130 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Құрылтай сайлауына қатысуға жеті партиядан 545 кандидат тіркелгені туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 23 Шілде, 2026 20:13
Талқылау