Энергетика министрлігі Қазақстанда мұнай өндірісінің неліктен азайғанын түсіндірді

Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы (арқылы мұнай тиеудің уақытша тоқтауына қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, Қара теңіздегі қауіпсіздік шараларына байланысты мұнай тиеу уақытша тоқтатылған. Соның салдарынан Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі де уақытша азайған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік мәліметінге, қазір Каспий құбыр консорциумы Қара теңіздегі терминалында кемелердің, экипаждардың және қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұнай тиеу операциялары уақытша тоқтатылған.
Соған қарамастан, консорциумның барлық өндірістік және техникалық нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай қалыпқа келген соң мұнай тиеу қайта басталады.
Министрлік мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне де түсініктеме берді.
Олардың мәліметінше, құбыр жүйесіне мұнай қабылдауға уақытша шектеу қойылған. Осыған байланысты және мұнай сақтайтын резервуарлардың шамадан тыс толып кетуіне жол бермеу үшін мұнай өндіруші компаниялар тәуліктік өндіріс көлемін уақытша қысқартқан.
Министрлік бұл шараның тек технологиялық сипатта екенін және өндіріс процесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қабылданғанын айтты.
Оған қоса Энергетика министрлігі қазір Каспий құбыр консорциумы басшылығымен, ірі мұнай жөнелтушілермен, кеме иелерімен және мемлекеттік органдармен тұрақты жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Дрон шабуылдарынан кейін Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мұнайын қабылдауды тоқтатқаны туралы жазған едік.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Оқыңыз