Қазақстандықтарға қызғалдақтарды жұлғаны үшін 13 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады

Фото: Pixabay.com
Гүлдену кезеңінде жүздеген туристер фотоға түсіп, табиғи ортадан ләззат алады. Дегенмен сарапшылар тіпті бір ғана қызғалдақты жұлу ауыр жазаға әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметі бойынша, сирек кездесетін өсімдіктерді жинауға ғана емес, сонымен қатар сақтауға, тасымалдауға және сатуға да тыйым салынады.
Заңбұзушыларға қарастырылған шаралар:
- 3000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады (шамамен 13 миллион теңге);
- түзету жұмыстары;
- бас бостандығын шектеу;
- үш жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Қазір Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін түрлер – Кауфман және Грейг қызғалдақтары далада гүлдеп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, олардың гүлдену кезеңі 2,5 аптадан аспайды және бұл – тозаңданудың маңызды кезеңі.
"Қызыл кітапқа енгізілген бір қызғалдақты да жұлуға тыйым салынады", – деді аймақтық орман шаруашылығы инспекциясы.
Өңірде демалушыларға тексеру мен түсіндіру жұмыстары қазір жүргізіліп жатыр. Инспекторлар қазақстандықтардан табиғатты құрметтеуді сұрап жатыр.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады