Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың көбі президентке сенеді және ел дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды – Тәуелсіз сауалнама нәтижесі

Қазақстандықтар сауалнама
Фото: Stan.kz

Сәуір айында Қазақстанның барлық өңірі қатысқан тәуелсіз зерттеу жобасы Demoscope жүргізген сауалнама нәтижесі қоғамда билікке қатысты оң көзқарастың сақталып отырғанын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі "Әділетті Қазақстан" бағытына айтарлықтай қолдау білдірген.

Негізгі нәтижелер:

Президентке сенім білдіргендер – 61,3%. Бұл барлық билік тармақтары ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.
Үкіметке – 47,4%;
Жергілікті әкімдіктерге – 50,2%;
Парламентке – 40,5%;
Құқық қорғау органдарына – 46,8%;
Сот жүйесіне – 43,7%.

Барлық институттарға сенім білдіретіндердің үлесі сын көзбен қарайтындардан айтарлықтай жоғары.

Сонымен қатар сауалнамаға қатысқандардың 72,4%-ы ел дұрыс бағытта дамып жатыр деп есептейді:

  • 44,6% — "дұрыс бағытта";
  • 27,8% — "негізінен дұрыс бағытта" деген жауапты таңдаған.

Бұл скептик көзқарастағы адамдардан шамамен 3,5 есе көп.

Әділетті Қазақстан" құру бағытына да қолдау байқалады: сауалнамаға қатысқандардың 55,6%-ы бұл ұран нақты іс-әрекетке сай деп санайды.

Сауалнама елдің барлық өңірінде, соның ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізілген. Қатысушылардың 65,8%-ы жауаптарын қазақ тілінде берген.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 29 Сәуір, 2026 12:14