Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық университеттерде оқу мерзімі қысқартылмақ

студент
Фото: Фото: tttu.edu.kz

Қазақстанда жоғары оқу орындарында оқу мерзімі қысқартылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары білім беру жүйесі өзгеріп, университеттерге жаңа тәсілдерді сынап көруге көбірек мүмкіндік берілетінін айтты.

“Қыркүйек айында алғашқы Қазақ ұлттық жасанды интеллект зерттеу университетін іске қосу жоспарланып отыр. Онда оқу үдерісінде әр студентке бейімделген білім беруге мүмкіндік беретін алгоритмдер қолданылмақ. Оқу мерзімін қысқарту да қарастырылып жатқан бағыттардың бірі. Мәселен, IT және жасанды интеллект салаларында төрт жылдық оқу тым ұзақ болуы мүмкін. Себебі бұл бағыттардағы білім мен технология өте жылдам жаңарады. Осыған байланысты оқу бағдарламасы қысқартылған қолданбалы бакалавриат енгізу нұсқасы ұсынылып отыр”, – деді министр. 

Саясат Нұрбектің айтуынша, алдағы уақытта Қазақстанда икемді және гибридті білім беру форматтары одан әрі дамиды. Университеттер білім беру бағдарламаларын әзірлеуде көбірек еркіндікке ие болды. Ал жаңа оқу модельдерін енгізуге қажет нормативтік база да дайындалған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы Қонаев университеті атауына байланысты сотқа тартылғаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 18 Тамыз, 2026 12:23