Қазақстандық шенеунік сот үкімінде елтаңба мен "Қазақстан атынан" деген сөз болмағаны үшін Конституциялық сотқа жүгінді

Конституциялық сотқа Қылмыстық-процестік кодекстің екі бабы бойынша өтініш келіп түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
396-бап “Үкімнің кіріспе бөлігі” мен 443-бап “Апелляциялық үкімнің, қаулының мазмұны” бірінші және екінші бөліктерінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш келіп түсті.
Бұған лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін сотталған адамға қатысты қатысты қылмыстық іс негіз болды. Бірінші сатыдағы соттың үкімі апелляциялық сатыда өзгеріссіз қалды.
“Өтініш иесі сот актілерін ресімдеу тәртібіне дау айтты. Ол апелляциялық сот қаулыларында шешім "Қазақстан Республикасының атынан" шығарылып, елтаңба бейнесі болуы тиіс деп есептеді. Оның пікірінше, мұндай деректемелердің болмауы Конституцияға қайшы келеді және сот төрелігін жүзеге асыру қағидаттарын бұзады”, – делінген хабарламада.
Конституциялық сот өтініш иесінің сот арқылы қорғалу құқығы шектелмегеніне, ал дауланып отырған нормалардың істі қарау барысында соттармен қолданылғанына назар аударды.
ОқыңызКонституциялық сот Конституцияда сот төрелігінің жалпы қағидаттары, оның ішінде сот билігінің Қазақстан атынан жүзеге асырылатынын түсіндірді. Сот актілерінің нысанына, құрылымына және деректемелеріне қатысты мәселелер салалық заңнамамен, соның ішінде Қылмыстық-процестік кодекспен реттеледі.
Осылайша Ссот шешімдерін ресімдеу тәртібі мен жекелеген деректемелердің болуы құқықтар мен бостандықтардың конституциялық мәні бар кепілдіктеріне жатпайды және олардың мазмұнына әсер етпейді.
"Ағаш сындырып, от жаққан, пиротехника атқан": Алматылықтар Бұтақты мен Көкжайлаудағы күл мен қоқысқа шағымданды