Қазақстандық мұнайшылар орташа 1,2 миллион теңге жалақы алады
Қазақстандағы мұнай-газ саласы қызметкерлері айына орташа 1,2 миллион теңге жалақы алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанның мұнай-газ саласында шамамен 65 мың адам еңбек етеді.
“Көмірсутектерді барлау және өндіру саласы елдегі ең жоғары жалақы төленетін салалардың бірі саналады. Саладағы орташа айлық жалақы – 1,2 миллион теңге”, – дейді Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев.
2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ саласына кадр даярлауға 18,7 миллиард теңге, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға 10,1 миллиард теңге бөлінген. Сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына 45,5 миллиард теңге бағытталған.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"
