Қазақстандық компания көлік бизнесі бағыты бойынша Қытайдан 7 марапат әкелді

Allur қазақстандық автокөлік компаниясы Қытайдың Бейжің қаласында өткен ең ірі халықаралық Auto China 2026 көрмесіне және Қытайдағы бірқатар халықаралық іскерлік іс-шараларға қатысты. Нәтижесінде компания дистрибуцияны, брендтерді және дилерлік желіні дамыту бағытында жаһандық деңгейде бірнеше марапатқа ие болды.
Іскерлік бағдарлама аясында компания делегациясы шетелдік серіктестермен, соның ішінде SAIC International, BAIC International, GAC Group, сонымен қатар Geely Galaxy, JAC, Li Auto брендтерінің өкілдерімен кездесулер өткізді және Jetour мен Soueast Together & Forward 2026 брендтерінің жыл сайынғы конференциясына қатысты. Chery Group төрағасы Инь Тунъюэмен де саланың негізгі даму бағыттары талқыланды.
Іс-шаралар қорытындысы бойынша Allur құрамына кіретін брендтер мына халықаралық марапаттарға ие болды:
- Қазақстандағы Jetour дистрибуциясы брендті дамытқаны және жергілікті нарықтағы позицияларын нығайтқаны үшін Outstanding Performance Award, сонымен бірге digital-коммуникациялар тиімділігі үшін New Media Global Marketing марапаттарын алды. Марапаттау Auto China 2026 көрмесі аясында Бейжіңде өтті.
- JAC дистрибуциясы тұрақты даму тиімділігі және қосалқы бөлшектер бағытын дамытқаны үшін Қытайдың Хэфэй қаласында өткен халықаралық салалық іс-шаралар қорытындысы бойынша марапатталды.
- Geely Galaxy дистрибуциясы брендті дамытқаны және танымалдығы үшін Brand Resonance Award, сонымен қатар жергілікті өндірісті дамытқаны үшін KD Soaring Manufacturing Award марапаттарын алды. Марапаттау Ханчжоу қаласында Geely Auto серіктестерінің халықаралық конференциясы аясында өтті.
Li Auto бренді автокөліктерін сататын Allur бөлшек сауда желісі де ерекше мойындалды. Бейжіңде өткен Li Auto Global халықаралық конференциясында компания сатылым, брендті дамыту, маркетинг және клиенттік сервис бойынша жоғары нәтижелері үшін Best Partner-2026 марапатына ие болды.
"Мұндай алаңдарда алдағы жылдары нарықты, әсіресе жаңа энергетикалық автокөліктер сегментін айқындайтын трендтер мен технологиялар қалыптасады. Бүгінде біз халықаралық көрмелерге қатысуға жұмыс құралы ретінде қараймыз. Өйткені стратегияларды салыстырамыз, серіктестермен дамуды талқылаймыз және Қазақстан нарығына бейімдеуге келетін шешімдерді таңдаймыз", – деді Allur компаниясының президенті Оксана Холстинина.
Ол мұндай іс-шараларға қатысу компания ішіндегі сараптаманы дамытуға қатысты жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін атап өтті.
"Біз командаға және оның жаһандық контексте дамуына инвестиция саламыз. Бұл неғұрлым дәл шешімдер қабылдауға және компанияның нарықтағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді", – дейді Оксана Холстинина.
Auto China 2026 көрмесі аясында саланың негізгі технологиялық және өнімдік трендтері ұсынылды. Олардың ішінде гибрид және электр модельдерін дамыту, цифрлық шешімдер мен пайдаланушы экожүйелері бар. Jetour бренді жаңартылған Travel+ стратегиясын таныстырды, ал Soueast гибридті SUV S08 DM қоса алғанда өнім желісін кеңейткенін көрсетті.
Auto China 2026 көрмесіне қатысу және алынған марапаттар Allur компаниясының тұрақты дамып отыратынын растайды және оны Қазақстан автокөлік нарығындағы жетекші ойыншылардың бірі ретінде, жаһандық салалық күн тәртібімен интеграцияланған компания ретінде позициясын күшейтеді.