Қазақстанда жүргізушісіз көліктерді елге әкеліп, жолға шығарудың тәртібі бекітілді

Қазақстанда жүргізушісіз және басқаруы автоматтандырылған көліктерді елге әкелу мен пайдаланудың арнайы тәртібі енгізілмек. Енді мұндай көліктер техникалық тексерістен өтіп, қауіпсіздігі расталғаннан кейін ғана жолға шығарылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Ашық НҚА" порталында жүргізушісіз және автоматтандырылған көліктерге қатысты жаңа ереже жобасы жарияланды. Құжатты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігі бірлесіп әзірлеген.
Жобаға сәйкес, мұндай көліктерді Қазақстанға әкелу, техникалық тексеруден өткізу және жолға шығару тәртібі қатаң бақылауға алынбақ. Яғни қауіпсіздігі мен талаптарға сәйкестігі тексерілген көліктер ғана пайдалануға жіберіледі.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, жобаның мақсаты – мұндай көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру және оларды Қазақстан аумағында пилоттық жоба аясында шектеулі әрі реттелетін тәртіппен пайдалану.
Сондай-ақ құжатта жүргізушісіз көліктерді республика аумағында пайдалануға шығару және қолдану тәртібінің ерекшеліктерін айқындау көзделген.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Оқыңыз