"Кей аймақта қар, кей аймақта +40°C-қа дейін ысиды": Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Қазгидромет еліміз бойынша 16-18 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері Қазақстанның бір бөлігінде жауын-шашын, қар, жел болса, басқа аймағында +40°C-қа дейін күн ысиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын екі барикалық түзілім айқындайды.
Елдің батыс және оңтүстік өңірлері оңтүстік циклонның ықпалында болады. Бұл өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Ал 18 мамырда батыста қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі.
16–17 мамыр түндерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша желдің күшейеді. Ал оңтүстікте шаңды дауыл болады. Солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.
Түнгі уақытта елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында 1–6 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.
ОқыңызКүндізгі ауа температурасы:
- батыста +30…+37°C-тан +25…+30°C-қа дейін төмендейді;
- солтүстік-батыста +25…+30°C;
- солтүстікте +20…+30°C-тан +15…+20°C-қа дейін төмендейді;
- орталықта +25…+30°C-тан +29…+34°C-қа дейін жоғарылайды;
- шығыста +12…+20°C;
- оңтүстікте +30…+35°C-тан +33…+40°C-қа дейін жоғарылайды;
- оңтүстік-шығыста +18…+25°C-тан +25…+32°C-қа дейін көтеріледі.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты