Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоғам белсендісі арбаға таңылған жігітті соққыға жықты деген күдікпен ұсталды

арбаға таңылған жігіт қоғам белсендісі
Фото: magnific.com

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында арбаға таңылған мүгедек жігітті ұрып-соғып, қорлық көрсетті деген күдікпен қоғам белсендісі ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Азаматты қазір тәртіп сақшылары тергеп жатыр.

Видеодан қоғам белсендісінің бөлме ішінде бір әйелмен ұрысып жатқаны байқалады. Ашуға булыққан азамат кейін жейдесі мен шалбарын шешіп, арбаға таңылған азаматты төсекке жатқызады. Көп ұзамай бетінен шапалақпен тоқтаусыз ұрады. Аяусыз соққыға жығылған мүгедектігі бар жігіт жан даусы шығып айқайлап, қарсыласқанымен күші жетпейді. Кейін ер адам жәбірленушіні тағы қинаған.

Күдіктінің сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткен-көрсетпегені әзірге белгісіз. Ішкі Істер органдарының өкілдері жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Қарағандыда мүгедектігі бар азаматты қайыр сұрауға мәжбүрлегені туралы жазған едік.

Қала тұрғындары бірнеше жыл бойы көшеде қайыр сұрап жүрген қол-аяғы жоқ адамды байқаған. Оған жиналған барлық қаражатты белгілі бір "қожайын" ​​алып отырған. Оны күнде көлікпен жұмысқа әкеліп, кешкісін үйіне жеткізіп отыр. Мүгедектігі бар азамат кенет жоғалып кеткенде, оны өлтіріп кетті деген қауесет тараған. Оның тірі екені сот отырысында белгілі болды. Қайыр сұраған адамның күнделікті табысын бір жыл бұрын есірткі саудасымен сотталған азамат алып отырған.

Айым Болатқызы
Жұма, 15 Мамыр, 2026 08:33