Қазақстанда жаңа суперкомпьютер іске қосылмақ

Қазақстанда деректерді өңдеу орталықтары салынып жатыр. Мұны Үкімет отырысында "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мусиннің сөзінше, былтыр қазан айында Алматыда өнімділігі 1,5 петафлопс болатын AI-Farabium суперкомпьютері іске қосылды. Бүгінде ол әлемдегі ең өнімді суперкомпьютерлер арасында 103-ші орында тұр. Ал оның есептеу қуаты 100% жүктелген.
Оқыңыз“Сонымен қатар деректерді өңдеудің жаңа орталықтарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Биыл қараша айында Қосшы қаласында Алматыдағы орталықтан үш есе қуатты суперкомпьютерді іске қосу жоспарланып отыр”, – деді Бағдат Мусин.
Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі жасанды интеллект арқылы жасалатын жаңа алаяқтық түрі туралы ескерткені туралы жазған едік.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
"Түрме - осы өмірдегі тозақ"
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды